24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Геворг Наджарян армениялық «Ван» командасына ауысты, деп хабарлайды VaheSport басылымы.
Наджарян бұған дейін «Пюникте» өнер көрсеткен еді, бірақ негізгі құрамның ойыншысы болмағандықтан, командасын ауыстыру туралы шешім қабылдады. «Пюник» үшін жартылай қорғаушы 15 матч өткізіп, тиімді әрекеттерімен көзге түскен жоқ.
«Ван» клубы жеті турдан кейін 11 ұпаймен Армения чемпионатының турнирлік кестесінде бесінші орында келеді.
Геворг Наджарян - «Шахтердің» түлегі. Ол 2016-2017 жылдар аралығында елордалық «Астана» сапында өнер көрсетті (4 матч). Ал қарағандылық клуб жейдесінде 113 матч өткізіп, 4 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды.
Айта кетейік, Наджарян Қазақстан жастар құрамасында 20 кездесуге қатысып, бір гол соққан және Қазақстан құрамасы сапында бір ойын өткізді.
Біздің серіктес: FONBET