«Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Райан Гиггз Уэльс құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.
Енді ол командасын 2020 жылы өтетін Еуроға дайындауға кіріседі. Екіжақты келісім шарт 4 жылға жасалған. Ұлыбританияның оңтүстік батысында орналасқан мемлекеттің ұлттық құрамасын басқаруға үміттілердің саны аз болмаған. Бұл тізімде тіпті Уэльс футболының мақтанышына айналған Крэйг Белламидің де есімі жүр. Еске салайық, өткен жылдың қараша айында Уэльс 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем біріншілігіне өте алмаған соң, Крис Коулмен менеджерлік қызметінен босатылған еді. Ал Райан болса 2016 жылы Луи ван Галдың бапкерлік құрамынан кеткеннен бері жұмыссыз жүрген болатын.
Айбек ҚОСАН
Біздің серіктес: FONBET