Гиорги Зария: “Біз бүкіл Қазақстан үшін ойнаймыз!”

09.12.2025, 09:00

"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Грузиялық Гиорги Зария Чемпиондар лигасы аясындағы Грекияның "Олимпиакос" клубына қарсы өтетін кездесу алдында команданың рухы мен жігері туралы айтып, ойынға деген көзқарасымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Гиорги Зария: “Біз бүкіл Қазақстан үшін ойнаймыз!”

Зарияның сөзінше, команда ойынға барынша дайын және жеңіске деген ынтасы өте жоғары. Ол бұл матчтың команда үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызы зор екенін ерекше атап өтті.

“Ойынға барлығымыз өте жақсы дайындалдық. Бұл алаң біз үшін басқа болғанымен, біз қазір ел үшін, Қазақстан халқы үшін өнер көрсетіп жатырмыз. Бұл ойын тек біздің жанкүйерлеріміз үшін ғана емес, бүкіл мемлекет үшін. Өзімізді мұнда үйдегідей сезінеміз және жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз." – деді Гиорги Зария.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×