«Golden boy» сыйлығының иегері белгілі болды

22.11.2021, 23:21
Сыйлық 15 желтоқсанда Туринде салтанатты түрде табысталатын болады.
«Golden boy» сыйлығының иегері белгілі болды

Испания құрамасы мен «Барселона» клубының жартылай қорғаушысы Педри 21 жасқа дейінгі Еуропаның ең үздік ойыншысына берілетін «Golden boy» сыйлығының иегері атанды.

Педри өткен маусымда «Барселона» жейдесінде 52 матчқа қатысып, 4 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді. Ал Испания құрамасы сапында Еуропа чемпионаты мен Токио Олимпиадасында ерекше ойынымен көзге түсті.

Үміткерлер тізімінде Карим Адейеми («РБ Зальцбург»), Джуд Беллингем («Боруссия» Дортмунд), Эдуарду Камавинга («Реал»), Шарль Де Кетеларе («Брюгге»), Гави («Барселона»), Брайан Хиль («Тоттенхэм»), Райан Гравенберх («Аякс»), Мэйсон Гринвуд («Манчестер Юнайтед»), Даниэль Мальдини («Милан»), Джамал Мусиала («Бавария»), Нуну Мендеш («ПСЖ»), Роберто Пикколи («Аталанта»), Йереми Пино («Вильярреал»), Джованни Рейна («Боруссия» Дортмунд), Родриго («Реал»), Букайо Сака («Арсенал»), Флориан Виртц («Байер»), Вильям Салиба («Марсель»), Юрриен Тимбер («Аякс») бар еді.

Сыйлық 15 желтоқсанда Туринде салтанатты түрде табысталатын болады.

Өткен жылы «Golden boy» сыйлығы «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холандқа бұйырған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×