Данни Блинд командасы топта төртінші орынға түсіп қалды
Соңғы кездері жанкүйерлерін әбден қажытқан әлем біріншілігінің қола жүлдегері Түркияға қонаққа келген еді. Голландияға бұл ойында тек жеңіс қана ауадай қажет-тұғын. Алайда, түріктер өз жанкүйерлерінің қолдауымен Снайдер, ван Перси бастаған жігіттерді тас-талқан етті.
Алаң қожайындары бірінші минуттардан қысым жасап, сол қысымын 8-минутта голға ұластыра білді. Арда Тұранның шебер орындалған пасынан кейін Огүзхан Эзьякуп есеп ашады. Ал, 25-минуттағы екінші голды салу алғашқы голда нәтижелі пасымен көзге түскен Тұранға бұйырды. Маусым аралық үзілісте "Барселонаның" қатарына қосылған жартылайқорғаушы Силлесен қақпасының жақын бұрышын дәл көздеді.
Ойын аяғында түріктер тағы бір гол салып, қонақтарды әбден масқара етті. Қорытынды есеп-3:0! Отандастарымыз өнер көрсететін
A тобынан Чехия мен Исландия құрлық біріншілігіне тікелей жолдама алса, түріктер өздері ойсырата ұтқан нидерландықтардан үшінші орынды тартып алды. Екі команданың арасы 2 ұпай. Қалған екі турда Түркия, топ көшбасшылары Чехия және Исландиямен кездессе, Голландия әуелі
Астанаға келіп, сосын Чехиямен қонақта кездеседі. Еске сала кетсек, 9 топтағы үшінші орын алған үздік команда(яғни ұпайы ең көп) үш жолақтылар еліндегі чемпионатқа тікелей жолдама алса, қалған үшінші орын иемденген 8 команда өзара 4 жоламаны сарапқа салмақ.
Түркия – Нидерланды 3:0 (2:0)
Голдар:Эзьякуп, 8 (1:0), Тұран, 26 (2:0); Йылмаз, 85 (3:0)