Голландия келесі кезеңге шыға ала ма?

17.06.2012, 10:04
Голландия келесі кезеңге шыға ала ма?

 В тобы.

Бұл топтың бүгінгі екі кездесуі де тартысты өтетіні белгілі. 4 команданың да келесі кезеңге өтер мүмкіндігі бар. Дания командасына немісатермен тең түсіп, португалиялықтардың Голландияға жеңілгенін күту дұрыс сияқты. Ең жақсы даттар үшін жағдай осы болмақ.  Ал Голандия құрамасына португалдарды 2-0 есебімен жеңу керек. Сонымен қоймай Дания командасы немістерге ұтылуы қажет. 

Енді қайтадан болжам ретінде, нақты болуы мүмкін нәрсені сараласақ. Неміс ол әрқашан неміс. Топтан бірінші орын алып, ширек финалда гректерге түскеннен гөрі, екінші орын алып "А" тобында бірінші орын алған чехтарға қарсылас атануды жөн санауы ықтимал. Бұл жағдай осы тұста Дания командасына жақсы жағдай туындатып тұр. Егер немістер даниялықтарға ұтылатын болса онда Германия топта екінші орын алуы ықтимал. Дегенмен біз естен Португалияны да шығармауымыз керек. Олар Голландияны жеңсе онда немістердің жағдайы қиын болады. Сондықтан да, аса қатты тәуекелге немістер бара қоймас. Біздің ойымызша немістер Данияны шамамен 3-0 есебімен ұтатын шығар.

Жоғарыда айтылған жағдай орын алатын болса, ал ол өте ықтимал, онда португалиялықтарға тең нәтиже де жетіп жатыр. Сондықтан да, бұл кездесуде Криштиану бастаған жігіттер қорғанысқа жақсылап жататын шығар. Әрине, Голландия құрамасының топтан шыға алмай қалғаны турнир үшін сенсация болып саналар. Сарғыш жейделі голландиялықтар біздің ойымызша ерлік жасайтын шығар осы тұста. Есеп 2-0.

Ермұхамед МӘУЛЕН

N Команда о ұ т ұ д ұ
1   ГЕРМАНИЯ 2 2 0 0 3-1 6
2   ПОРТУГАЛИЯ 2 1 0 1 3-3 3
3   ДАНИЯ 2 1 0 1 3-3 3
4   ГОЛЛАНДИЯ 2 0 0 2 1-3 0

 9 маусым  20:00  Голландия - Дания - 0:1  Харьков
 9 маусым  22:45  Германия - Португалия - 1:0  Львов
 13 маусым  20:00  Дания - Португалия - 2:3  Львов
 13 маусым  22:45  Голландия - Германия - 1:2  Харьков
 17 маусым  22:45  Португалия - Голландия  Харьков
 17 маусым  22:45  Дания - Германия  Львов
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Орыстарға обал жоқ
Келесі жаңалық
Футбол ойнап жатырмыз...
Серіктес жаңалықтары
×