18 ақпанда Римде голландиялық клубтың 33 жанкүйері ұсталды, ал 19 ақпанда, матч күні тағы 20 адам тұтқындалды.
Екі жанкүйер қамаудан босатылды, дегенмен олар 40 мың еуро төлеуі тиіс. Тағы алты адам жарты жыл түрмеге қамалудың орнына 45 мың еуродан төлейді.
Еске сала кетсек, Римге Роттердамнан 5 мыңнан астам жанкүйер келді. Ал қаладағы тәртіпті қамтамасыз етуге 1300 римдік полицей жұмылдырылды.
BNews.kz сайтынан