«Марсельдің» қорғаушысы Альваро Гонсалес "Париж Сен-Жермен" шабуылшысы Неймармен болған қақтығыстың салдары туралы айтты, ол оны нәсілшіл деп айыптаған болатын.
«WhatsApp-қа екі миллионнан астам хабарламалар келіп түсті. Мен мұндай нәрсені ешқашан көрген емеспін. Әр түрлі жаман әңгімелер болды, көбісі басқа тілдерде. Біздің машиналардың суреттері де болды. Олар маған үйіме келіп, мені өлтіретіндерін жазды. Хабарламалардың бірінде ата-анам жұмыс жасайтын дүкен туралы айтылды. Оларды да өлтіреміз деп жазды. Мен қорқып қалдым, өйткені бұған дейін мұндай жағдайды кездестірмеген едім. Ұйықтаған жоқпын. Неймардың жанкүйерлер алдында беделі зор. Менің ойымша, ол тіпті өзінің мүмкіндіктерін елестете алмайды.
Мансабымды аяқтау туралы ойлаған жоқпын, бірақ клубтан кетуді ойладым. Мен Виллаш-Боашқа және басшылыққа егер олар маған сенбесе, мен кеткім келеді деп айттым. Мен келісімшартты өтемақысыз бұзуға дайын едім, бірақ клуб мені қолдады», - деді Гонсалес.
Біздің серіктес: FONBET