Гонсалестiң жетпiсiншi голы

21.02.2011, 19:17
Гонсалестiң жетпiсiншi голы

Еуропаның Чемпиондар лигасының ойындары қайта жалғасты. Топтық ойындардан озып шығып, 1/8 финалына жолдама алған командалар келесi аптада алғашқы кездесулерiн аяқтайды. Сейсенбi күнi 1/8 финалының екi ойыны ойналды. Апенин түбегiне қонаққа барған ағылшынның “Тоттенхэм” клубы “Милан” футболшыларын өз жанкүйерлерiнiң алдында ұтып кеттi: 1:0. Лондондықтардың сапынан ойынның 80-минутында Питер Крауч мергендiгiмен көзге түстi. Испанияның “Месталья” стадионында жергiлiктi “Валенсия” командасы Германияның “Шальке-04” клубын қабылдады. Былтырғы маусымда немiс бундеслигасын екiншi орынмен қорытындылаған “Шальке-04” футболшылары биылғы бундеслига ойындарында ала-құла өнер көрсетiп жүрсе де Чемпиондар лигасының кездесулерiн сәттi өткiзуде. Феликс Магат жаттықтыратын команда алдымен топтық ойындардан шықты. Ендi мiне, “Валенсиямен” болған сырт алаңдағы кездесуде алаң иелерiмен тең ойнап қайтты. Ойынның 17-минутында “Валенсия” футболшылары Сольдадоның көмегiмен алға шыққан. Екiншi кезеңнiң 64-минутында “Шальке-04”-тiң шабуылшысы Рауль Гонсалес (суретте) таразы басын теңестiрдi. Бұл – Рауль Гонсалестiң еурокубоктық ойындардағы жетпiсiншi голы. Өзiнiң осы көрсеткiшiмен Р.Гонсалес атақты немiс футболшысы Герд Мюллердiң рекордын жаңартты. Г.Мюллер еурокубоктық жарыстарда 69 доп соққан-ды.

ЕУРОКУБОКТЫҚ ОЙЫНДАРДА ЕҢ КӨП ДОП СОҚҚАН БЕС ФУТБОЛШЫ: 1. Рауль Гонсалес (Испания) – 70 гол; 2. Герд Мюллер (Германия) – 69 гол; 3. Андрей Шевченко (Украина) – 64 гол; 4. Филиппо Индзаги (Италия) – 63 гол; 5. Руд ван Нистелрой (Голландия) – 62.

Осы аптаның сейсенбiсi мен сәрсенбiсiнде “Лион” (Франция) – “Реал” (Испания), “Копенгаген” (Дания) – “Челси” (Англия), “Интер” (Италия) – “Бавария” (Германия), “Марсель” (Франция) – “Манчестер Юнайтед” (Англия) клубтары 1/8 финалының алғашқы кездесулерiн өткiзедi. Қарымта ойындар наурыздың 8, 9, 15, 16 күндерiне белгiленген.

Төлеубек Әділбекұлы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×