Босния және Герцеговина құрамасының шабуылшысы Горан Закарич Қостанайдың ұжымына ауыспайтын болды. 27 жастағы футболшы өз еліндегі Баня-Лука қаласының «Борац» командасының сапына қосылды.
Негізі Горан Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Тобылмен» бір жылдық келісім-шартқа қол қойған еді. Ал Transfermarkt порталы 2 жылдық еңбек шартына қол қойды деп көрсеткен-ді.
Алайда трансфер соңғы сәтте басқаша аяқталса керек.
Закарич бұған дейін «Широки Бриег», «Зриньски», «Железничар», Хорватияның «Славен», «Локомотив Загреб», Сербияның «Партизан», Румынияның «Крайова» ұжымдарында ойнаған. 2014 жылдан бері ұлттық құрама сапында 11 ойын өткізген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET