«Гранада» қазақстандық футболшымен келісім-шарт жасасты

03.02.2022, 21:32
Футболшы испаниялық клубта екі апта бойы қаралымнан өтті.
«Гранада» қазақстандық футболшымен келісім-шарт жасасты

«Тараз-Қаратау» командасы мен Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Асқар Сатышев мансабын Испанияда жалғастырады.

19 жастағы футболшы екі апта бойы «Гранада» жастар командасында қаралымнан өткен болатын. Ал бүгін клуб басшылығы Асқармен келісім-шарт жасасты.

Өткен маусымда Сатышев Бірінші лигада 10 матч, сондай-ақ 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы жейдесінде үш ойын өткізді. Ал желтоқсан айында жаттығу жиынына қатысу үшін Қайрат Нұрдәулетов баптайтын жастар құрамасының (U21) орналасқан жеріне шақыртылды.

«Гранада» Испания чемпионатының жоғарғы дивизионында ойнайды және қазір 14-ші орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×