Алматы тумасы, Грекиялық қақпашы Яннис Афуксенидис Чемпиондар Лигасы аясындағы "Қайрат" – "Олимпиакос" матчына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Яннис Prosports.kz басылымына берген сұхбатында Қазақстандық клубқа жеңіске жетудің сырын нақты айтты.
Ол "Олимпиакостың” күшті жақтарын мойындай отырып сонымен қатар әлсіз тұсын да атап өтті.
"Олимпиакос” клубтық турнирлерде күшті және жоғары деңгейде ойнауға үйренген, "Қайратқа" қарағанда тәжірибелі. Бірақ оларда да Чемпиондар Лигасында проблемалар бар – ол тұрақсыздық.
"Қайраттан” мен не күтемін? Күрес және мінез-құлық! Мен алаң иелерінің ойыншыларының барынша ынталы болып шығатынына сенімдімін." – деді Қазақстанда туған Грек футболшысы.
Қақпашы "Қайраттың” тактикалық жоспары қандай болуы керектігі туралы өз болжамын айтты.
"Мен "Олимпиакосқа” қарсы шабуыл жасау қиын болатынын түсінемін, сондықтан "Қайрат", бәлкім, жинақы ойнап, қорғаныстан шығып, қарсы шабуылдарды іздеуге тырысады. Бірақ бұл да оңай болмайды, өйткені "Олимпиакостың" тіпті "Реал Мадридқа" қарсы да қаншалықты жоғары прессинг жасағанын көрдік." – деп қосты Афуксенидис.