Грекия құрамасы наурыздағы матчтарға арналған құрамын жариялады

12.03.2024, 20:39

Густаво Пойет баптайтын Грекия құрамасы Қазақстанға қарсы өнер көрсететін құрама ойыншылар тізімін жариялады, деп жазады Аладоп.кз.

Грекия құрамасы наурыздағы матчтарға арналған құрамын жариялады

Қақпашылар: Георгиос Афанасиадис (АЕК, Грекия), Александрос Пасхалакис («Олимпиакос», Грекия), Сократис Диудис («Заглембе», Польша), Одиссей Влаходимос («Ноттингем Форест», Англия);

Қорғаушылар: Пантелис Хацидиакос («Кальяри, Италия), Константинос Кулиеракис (ПАОК, Грекия), Константинос Мавропанос («Вест Хэм», Англия), Панайотис Ретсос («Олимпиакос», Грекия), Георгиос Цавелас (АЕК, Грекия), Джордж Бэлдок («Шеффилд Юнайтед», Англия), Лазарос Рота (АЕК, Грекия), Манолис Салиакас («Санкт-Паули», Германия), Костас Цимикас («Ливерпуль», Англия); 

Жартылай қорғаушылар: Анастасио Бакасетас («Панатинаикос», Грекия), Андреас Бухалакис («Герта», Германия), Димитриос Курбелис («Фатих Карагюмрюк», Түркия), Петрос Мандалос (АЕК, Грекия), Манолис Сиопис («Кардифф Сити», Англия), Зека («Панатинаикос», Грекия), Анастасиос Хацигиованис («Анкарагюджю», Түркия), Яннис Константелиас (ПАОК, Грекия), Георгиос Масурас («Олимпиакос», Грекия), Димитриос Пелкас («Истанбул Башакшехир», Түркия), Христос Цолис («Норвич Сити», Англия);

Шабуылшылар: Георгиос Гиакумакис («Атланта Юнайтед», АҚШ), Фотис Иоаннидис («Панатинаикос», Грекия), Вангелис Павлидис (АЗ Алкмаар, Нидерланды).

Грекия - Қазақстан арасындағы Ұлттар Лигасының плей-офф ойыны 21-нен 22-сіне қараған түні Афины қаласындағы “OPAP Arena” стадионында өтеді. Аталмыш кездесу 00:45-те бастау алады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×