Грекиялық БАҚ: Қазақстан қағаз үйдей күйреді

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
23.03.2024, 12:29

"Sdna.gr" сайты жұмада болған бәсеке жайлы жазды. Ақпарат құралы Қазақстан құрамасының жеңілісін ерекше суреттеп, Грекия құрамасының футболшыларын асыра мақтаған болатын. 

Грекиялық БАҚ: Қазақстан қағаз үйдей күйреді

"Бұл алдындағысының барлығын жойып жіберетін ақшыл-көк дауылдай аласұрды. Жігіттер алаңға жемтігін іздеген жыртқыштай көздері аларып шыққан. 15 минутта "тазалап", жарты сағатта "жойып" жіберді. 45 минутта Грекияның төрт голы. Сендер кімсіңдер, батырлар? Бразилиялықтар мен Аргентиналықтардың қосындысы ма? Екінші таймда Пойет күшті Тбилисиге үнемдемесе, тағы да 4 доп салар едік",- депті грекиялық БАҚ. 

Айта кетейік, Қазақстан Грекиядан Еуро жолдамасы үшін болған жартылай финалдық бәсекеде 5:0 есебімен ойсырай ұтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 5
Серіктес жаңалықтары
×