Грекияның БАҚ өкілдері Қазақстанның қай ойыншыларынан қауіп күту керектігін  айтып өтті

21.03.2024, 18:28

Sportday.gr баспасы Магомед Адиев баптайтын команданың мықты футболшыларын тізбектеп берді, деп жазады Аладоп.кз.

Грекияның БАҚ өкілдері Қазақстанның қай ойыншыларынан қауіп күту керектігін  айтып өтті

"Қазақстанды футболдың супердержавасы ретінде қарастыруға келмейді. Алайда соған қарамастан, бұл команданың бірқатар ойыншылары шетел асып өнер көрсетеді. Мәселен, “Бешикташта” ойнайтын Бақтиер Зайнутдиновты ерекше атап өтсек болады. Жылдам әрі техникалық тұрғыдан қауіпті аяқдопшы Қазақстанның басты жұлдызы.

Құраманың көшбасшысы ретінде Абзал Бейсебековты айту керек. “Астананың” ойыншысы өз командасының қорғаныстағы ойнын ретке келтіруші фигура ретінде алаңда өнер көрсетеді. Одан кейін, дәл сол “Астанада” ойнайтын Ян Вороговскийде матч тағдырын өзгерте алар футболшы қатарынан. Орталық қорғаныста “Зенит” ойыншысы Нұралы Әліп бар. Оның да қауіпті екенін айта кетейік.

Максим Самородов пен Рамазан Оразов Қазақстан құрамасының шабуылына жауапты аяқдопшылар. Екеуі де “Ақтөбеде” өнер көрсетеді. Бір-бірін жақсы түсінеді. Допты өзінде ұстай білетін футболшылар қай кездеде өз ойлағанын жүзеге асырып кетуі ғажап емес”, деп жазады баспа. 

Грекия - Қазақстан арасындағы ойын 21-нен 22-сіне қараған түні Афины қаласындағы “OPAP Arena” стадионында өтеді. Бұл жұптан жеңімпаз атанған команда “Грузия” мен “Люксембург” ұжымдарының біріне қарсылас атанбақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 1
Күлкілі 4
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×