Соңғы уақытта "Ақтөбе" тізгінін ұстайды деп күтілген украиналық маман Роман Григорчуктың командаға келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бапкер мәселесі қашан шешіледі?
Дереккөздердің хабарлауынша, қазіргі уақытта Григорчукпен келіссөздер тоқтатылған. Клуб басшылығы жаңа бапкер іздеу жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. Алдағы он күн ішінде "Ақтөбеге” кімнің жетекшілік ететіні ресми түрде белгілі болмақ. Қазір бірнеше үміткермен келіссөздер жүріп жатыр.
Алғашқы ресми трансферлер: Заруцкий мен Ордец
Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметінше, клуб құрамды күшейту жұмыстарын белсенді жүргізуде. Бүгінгі таңда екі ойыншының "Ақтөбе" сапына қосылғанын сеніммен айтуға болады деп мәлімдеді дереккөз. Олар:
1. Александр Заруцкий — Қазақстандық тәжірибелі қақпашы.
2. Иван Ордец — Украина ұлттық құрамасында ойнаған тәжірибелі орталық қорғаушы.
Бұл екі футболшы клубпен ресми түрде келісімшартқа қол қойып үлгерген көрінеді. Сонымен қатар, тағы бірнеше ойыншымен келіссөздер аяқталуға жақын.