Григорий Бабаян “Астанада” қалады

10.11.2025, 14:00

Алматы тумасы, Қазақстандық бапкер 45 жастағы Григорий Бабаян елордалық клубтың тізгінін ұстауды жалғастырмақ.

Григорий Бабаян “Астанада” қалады

MatchKZ мәліметінше клуб басшылығы Григорий Бабаянмен келісімшартты ұзартуға ниетті.

Футболшы мансабын Алматылық “Қайрат” және “Алма-Ата” клубтарында өткізген ол кейіннен бапкерлікке бет бұрып 2013, 2014, 2018 жылдары “Астананы” уақытша жаттықтырған еді. Ал 2019-2022 жылдар аралығында Қостанайлық “Тобылды” баптағаннан кейін Ресейге қоныс аударып, “ЦСКА” клубының бапкерінің көмекшісі болды. 

Бір жылын Мәскуеде өткізген ол 2022 жылы елге оралып, содан бері “Астананың” бапкері ретінде тұрақты қызмет атқарып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×