«Астана» мен «Челси» ойынынан кейін елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян өз ойын білдіріп, сұхбат берді.
«Бұл ойының біз үшін жақсы тұстары көп болды. Англияның ең мықты командаларының біріне қарсы ойнадық. Оның үстіне оларда чемпионаттың қызған шағы. Бізде ойын проактикасы болмады. Футболшыларға физикалық тұрғыда бәсекеге түсу қиынға соқты. Әсіресе, бірінші таймда көп қателестік. Ал екінші кезеңде сәл қарсыластың қарқынын бастық. Бір-екі жақсы шабуыл ұйымдастырып, гол соғатын сәттер болып еді. Жеңілгіміз келмеді. Бірақ, бүгінгі қарсыластың деңгейі өте жоғары болды. «Чесли» лайықты жеңіске жетті. Оны жанкүйерлер де көріп, ой түйген шығар. Бірге-бір оп-оңай алдап, гол соғып кетті. Бұл матч бізге үлкен тәжірибе болды”-деді Григорий Константинұлы.
Біздің серіктес: FONBET