Григорий Бабаян Конференциялар Лигасынының негізгі кезеңіндегі кипрлік «Пафосқа» қарсы матч туралы және «Астананың» ҚПЛ-дегі міндеттері жайлы ойын ортаға салды.
«Мұндай тығыз кестеде әрбір матчта ойнау мүмкін емес. «Тобылмен» болған бәсекеде біздің қимыл мен эмоциялық тұрғыда осалдығымыз байқалып қалды. Бірінші орынға таласатын мүмкіндігіміз бар. Міндет өз кездесуімізді ұтып, «Атырауға» үміт арту. Бірақ бұл жексенбіде болатын бәсеке, ал қазір біз өте мықты қарсыласқа қарсы ойынға дайындалып жатырмыз», - деген еді Г. Бабаян.
ҚПЛ-дің соңғы турының алдында «Астана» 43 ұпаймен екінші орынға табан тіреген. Көштің басында «Қайрат». Алматылық клубтың еншісінде 44 ұпай.
Біздің серіктес: FONBET