Григорий Бабаян: өз мансабымда «Астананы» үш мәрте топтық кезеңге шығардым

15.08.2025, 08:01

«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян Швейцарияның «Лозанна» командасына қарсы Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны (0:2) жайлы пікір білдірді.

Григорий Бабаян: өз мансабымда «Астананы» үш мәрте топтық кезеңге шығардым

– Менің бүгінгі күнге дейін Еуропа Лигасы болсын, Конференциялар Лигасы болсын, топтық кезеңге шығуға төрт талпынысым болды. Бұл жолдың қаншалықты қиын екенін ешкім білмейді. Алдымен ол жолдан өту керек, сапар шегіп, еңбек ету қажет. Сол төрт мүмкіндіктің үшеуінде біз топтық кезеңге шықтық: бір рет – Еуропа Лигасы, екі рет – Конференциялар Лигасын. Сондықтан кейде бәрі ойдағыдай бола бермейді. Жеребе, басқа да факторлар… Мен жауапкершіліктен қашпаймын. Бірақ болашақта не болатынын мен шешпеймін. «Астана» менің туған клубым. Жанкүйерлерді қуанта алмағанымызға қатты қынжыламын. Әрі қарай өте алмағанымыз өкінішті… Мен де «Бешикташ» осында келсе деп армандадым. Бұл үлкен жетістік болар еді. Алматыға «Селтик» келсе, Астанаға «Бешикташ» келгенін көрер едік. Бірақ бәрі осылай болып шықты. Алда ауыр, ұйқысыз түндер күтіп тұр. Бірақ не істеу керек? Бұл бапкердің тағдыры, өмірі. Енді тез арада чемпионатқа бейімделуіміз керек. Ал ары қарай не болатыны – басшылықтың шешімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×