«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Лозаннаға» қарсы өтетін алдағы матч туралы пікір білдірді.
– Бірінші ойында бізде көптеген жеке және қажетсіз қателіктер болды. Бұл матчқа біз енді қуып жетуші рөлінде келіп отырмыз. Футболда екі гол елеулі басымдық. Бірақ, екінші жағынан, біз бүкіл апта бойы жұмыс істедік, талдадық, қарап шықтық, жігіттерге көрсетіп, қателіктер мен қарсыластың әлсіз тұстарын көрсеттік. Бірінші матчта істей алмағанымызды, ертең алғашқы минуттардан бастап жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Мұнда жанкүйерлердің де рөлі зор болмақ. Олар алғашқы минуттан қолдау білдіріп, бізді алға жетелейді. Жанкүйерлер алдындағы міндетімізді орындауға тиіспіз. Алдағы матчта барлығы жақсы болады деп үміттенеміз, – деді Григорий Бабаян.
Айта кетейік, қарымта ойын 19:00-де басталады.