Григорий Бабаян: «0:2 есебімен ұтылып жатқанда да ойынға оралып, ұпай алуға болатын еді»

17.09.2020, 15:40
Кешегі матчта «Тобылдың» мүмкіндіктері өте көп болды. Керісінше, «Тобыл» «Ордабасыға» 4 гол соғуы мүмкін еді.
Григорий Бабаян: «0:2 есебімен ұтылып жатқанда да ойынға оралып, ұпай алуға болатын еді»

«Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян Премьер-Лиганың алтыншы турының «Ордабасыға» қарсы ойыны (0:4) туралы пікір білдірді:

- Алдымен осындай нәтиже үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді. Түсініктеме беретін ерекше ештеңе жоқ. 60-минутқа дейін, мүмкіндіктерді салыстырғанда тең ойын болды. 2 гол жібергеннен кейін де көптеген гол соғатын мүмкіндігіміз болды. Тіпті, 0:2 есебімен ұтылып жатқанда да ойынға оралып, ұпай алуға болатын еді. Ойынның соңғы 20 минутында схема сәл өзгеріп, алаңға орталық шабуылшыны шығарып, 4-4-2 жүйесімен ойнадық.

Себайдың да, Өміртаевтың да мүмкіндігі болды, бірақ, өкінішке орай, гол соға алмады. Әрине, біз жіберіп алған голдарға алып келген ойыншылардың жеке қателіктеріне «түсініктеме жоқ». Малый мен Квеквескири жарақат алып, кеше ғана жеке жаттығуларға кірісті. Фонсека ойын алдындағы жаттығуда жарақат алып, матчқа қатыса алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×