Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Астана» басшылығы видеобайланыс арқылы Григорий Бабаянмен келіссөздер жүргізді.
41 жастағы маман «Астана» клубына өзінің талаптарын қойды. Оның ойынша, команда құрамын айтарлықтай күшейту керек. Бірақ елордалық клуб румыниялық футболшы Дорин Ротариуға қарыз болғандықтан трансфер жасай алмайды.
Әзірге Бабаянның «Астанаға» оралу мүмкіндігі өте төмен. Бас бапкер қызметіне бссты үміткерлер қатарында үш маман бар екенін айта кетейік.
Григорий Бабаянның ЦСКА-мен келісім-шарты осы жылдың соңына дейін жарамды. Сондай-ақ қазақстандық маман Александр Москаленко кеткеннен кейін «Тобылды» қайта тізгіндеуі мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET