Григорий Бабаян: «Біз екі таймда екі түрлі ойнадық»

03.05.2021, 16:52
Зоран Тошич жарақат алған екен.
Григорий Бабаян: «Біз екі таймда екі түрлі ойнадық»

Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян «Таразбен» болған матч (3:0) туралы пікір білдірді:

- Матчқа келетін болсақ, ойын екі таймға бөлінді. Біз бірінші таймды ұйымдастырушылық жағынан, тактикалық тұрғыдан, қарсыласқа бос кеңістік бермей, жоғары қысым жасап өте жақсы өткіздік. Біз өте жақсы голдар соқтық, есепті ұлғайтатын көптеген мүмкіндіктер болды.

Екінші таймға келетін болсақ, біз нашар ойнадық, қарсыласқа көп мүмкіндік беріп қойдық. Біздің ойынды бақылаудан бас тартқанымыз мәселе емес, бар мәселе нашар қорғанғанымызда және әртүрлі жағдайларға нашар реакция жасағанымызда. Нәтижесінде қарсылас біздің қақпаның алдында бірнеше мүмкіндік жасады. Үшінші голды соғып, ойынды жеңіспен аяқтағанымыз жақсы болды.

«Тараз» - өте ұйымшыл команда және оның турнирлік кестенің басында болуы кездейсоқ емес. Қазір біздің қалыпқа келуге бір апта уақытымыз бар. Өте тығыз кесте болды, келесі матчтарға дұрыс дайындалу үшін қажетті үзілісті алу өте маңызды.

Зоран туралы айтар болсам, ол балтыр бұлшықетінде мәселенің пайда болғанын сезді және біз оны ауыстыруға мәжбүр болдық. Ол ертең МРТ-дан өтетін болады, содан кейін оның қандай жарақат алғаны белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×