Григорий Бабаян: «Бұл кездейсоқтық емес, алаңдағы үлкен жұмыстың нәтижесі»

03.03.2021, 23:30
«Тобыл» 6 наурыз күні финалды «Астанамен» кездеседі.
Григорий Бабаян: «Бұл кездейсоқтық емес, алаңдағы үлкен жұмыстың нәтижесі»

"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалында "Қайратпен" болған матч (3:3, пенальти бойынша - 4:2) туралы пікір білдірді.

- Екінші тайм барысында алаңға Тони Сильва мен Руслан Валиуллин шықты. Мұның себебі неде?

- Біріншіден, мен барлығын маусым басталуымен құттықтағым келеді. Матч жанкүйерлер үшін өте қызықты болды. Ойын командалардың әлі 100% дайын емес екенін көрсетті. Біздің қос қапталда да белгілі бір мәселелер болды, сондықтан біз екінші таймда ойынды қалпына келтіре бастадық. Біз қорғаныста үлкен ықыласпен және барымызды салып ойнадық. Жігіттерге үлкен құрмет. Сәттілік біз жақта болды - бұл кездейсоқтық емес, алаңдағы үлкен жұмыстың нәтижесі.

- Сіз матчтан кейінгі пенальти сериясына дайындалдыңыз ба?

- Мен ойыншылардың тізімін дайындап қойдым, бірақ біз жеке пенальти тебу бойынша дайындалған жоқпыз. Бұл лотерея, бірақ ойыншылар жарады, олар өздеріне сенімді болды және мінез көрсетті.

- "Қайраттың" ойын схемасының өзгеруі сіз үшін мәселе туғызды ма?

- 30-минутқа дейін олар 3-4-3 жүйесі бойынша ойнады, содан кейін схеманы өзгертті, алаңға Алықұлов шықты. Мүмкін бұл Поляковтың жарақатына байланысты шығар, бірақ біз үзіліс кезінде де жақсы дайындалдық. "Қайратпен" ойнау қиын, оларда мобильді және динамикалық команда. Бірақ біз бұл тапсырманы орындай алдық.

- Сізді "Астанаға" қарсы финалдық ойын күтеді. Осы ойыннан кейін сіз қорытынды жасадыңыз ба немесе тосынсыйлар болуы мүмкін бе?

- Финалға әлі дайындалған жоқпыз. Біз "Астананың" керемет ойыншылардан жасақталған команда екенін білеміз. Бізді қызықты финалдық кездесу күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×