Григорий Бабаян: «Бұл ойыннан кемшіліктерімізді көрдік»

18.02.2021, 18:26
Қостанайлық клуб келесі кездесуін «Оренбург» клубына қарсы өткізеді.
Григорий Бабаян: «Бұл ойыннан кемшіліктерімізді көрдік»

"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян Түркиядағы екінші жаттығу жиыны аясында өткен "Дилаға" қарсы (0:2) ойын туралы пікір білдірді:

- Бүгін қарсыласымыз әлдеқайда тың әрі жылдам болды. Бұл матчтың бізге қиынға соғатынын білдік. Осындай маңызды кездесулерде ойыншыларге көбірек жүктеме беру керек. Шаршаңқы кезде немесе қарсыласың жақсы дайын болса, жинақы ойнап, моральдық тұрғыда сабырлық сақтау аса маңызды.

Бүгін жергілікті футболшылар көптеп шықты, олар ойын ырғағын сезініп, сенімді ойнауы тиіс. Қарсыластың қысымын жеңе білуі керек. Бұл олар үшін жақсы тәжірибе. Айта кету керек, біз тым қарапайым сәттерде гол жіберіп алдық, кейбір эпизодтарда өте нашар қорғандық. Сондай-ақ, бүгін шабуыл шебінің жігіттеріне көңілім толмады. Гол соғатын сәттер болды, бірақ дәлдік жетіспеді.

Қорытындылай келе, ойын көп ақпарат берді дер едім. Біз шешуге тиіс мәселелерді көрдік. Жалпы, өте жақсы спарринг. Жоспарлы жұмысты жалғастырамыз.  

"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×