Григорий Бабаян: «Бұл жеңіс бізге сенімділік беру қажет»

03.10.2020, 15:20
«Тобыл» кеше «Жетісуды» 2-0 есебімен жеңген еді.
Григорий Бабаян: «Бұл жеңіс бізге сенімділік беру қажет»

Қостанайлық "Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян «Жетісуға» қарсы ойын туралы пікір білдірді.

– Ойын тәртібін және тактикалық тәртіпті ұйымдастыру тұрғысынан бәрі ойдағыдай болды деп ойлаймын. Әрине, қателіктер болды, бірақ тығыз, жинақы ойнадық. Дегенмен “Жетісу” өте салмақты қарсылас. Біз олардың күшін білдік, олардың шабуылдағы күші туралы да білдік, команда стандарттарда да күшті. Біз мұның бәріне қарсы тұруға тырыстық, бірақ сонымен бірге оларға өз футболымызды көрсеттік. Бұл біздің қолымыздан келді деп ойлаймын.

Алғашқы 30-35 минут қарсыласты бақылауда ұстадық, ол үшін бізге өз сәттерімізді стандарттарда да, ойын сәтінде де жүзеге асыру қажет болды. Содан кейін он минут тең ойын болды. Екінші таймда біз одан да көп күш алдық. Өте агрессивті түрде ойнадық. Бұл ретте командалық ойынға екпін түсірер едім. Бұл өте маңызды. Барлығы өз деңгейінде әрекет етсе, жеіу оңай. Біз үшін бұл үзіліс алдындағы маңызды жеңіс сенімділік беруі керек. 

Үзілістен кейін бізді өте тығыз кесте күтіп тұрғанын білеміз. Шын мәнінде, ойындар әр төртінші күні өтеді – бұл өте қиын. Ұлттық құрамаға аттанатын футболшыларға тек табыс пен жеңіс тілеймін.

– Бүгін “Тобыл” бес қорғаушымен ойнады, бұл алдағы уақытқа бекітілген ойын схемасы ма?

– Тактикалық тұрғыда қарасақ, біз ойынға шығуға дайын футболшылрмен ойнаймыз. Әрине, біз қарсыластардың әлеуетіне қарап тактиканы өзгерттік. Бұл жоспар іске асты. Әрі қарай қалай ойнайтынымыз туралы айтуға әлі ерте. Барлығы күнтізбе мен қарсыластарға байланысты болады. Менің ойымша, бүгінгі матчта біз тапсырманы орындадық, ең бастысы осы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×