Григорий Бабаян: «Тошич - жоғары деңгейдегі ойыншы, бірақ оның қалыпқа келуі үшін уақыт керек»

21.04.2021, 23:49
Тошич алаңға соңғы рет 2020 жылдың қараша айында шыққан.
Григорий Бабаян: «Тошич - жоғары деңгейдегі ойыншы, бірақ оның қалыпқа келуі үшін уақыт керек»

"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян Vesti.kz сайтына берген сұхбатында сербиялық жартылай қорғаушы Зоран Тошичтің қостанайлық клубқа ауысуы туралы пікір білдірді. Қазақстандық маман клубтың осындай танымал ойыншымен қалай келісім-шартқа отырғанын, қазір қандай формада екенін және команданың алға қойған мақсаты туралы айтты.

 - Григорий Константинұлы, Тошичтің "Тобылға" ауысуы туралы нұсқа қалай пайда болды?

 - Біз трансфнрлік нарықтағы еркін агент атанған ойыншыларды іздедік, қаржылық қиындықтарымыз бар, сондықтан біздің ойыншы сатып алуға мүмкіндігіміз жоқ, сондай-ақ жалға алу да біз үшін қиынға соғады. Біз Тошичтің еркін агент екенін білдік, өйткені оның командасы қаржылық қиындықтарға байланысты өз жұмысын тоқтатты. Біз Зоранмен байланысқа шықтық, содан кейін оның агенттері "Тобылмен" келіссіөздер жүргізді. Біз шабуыл шебін күшейтудің әртүрлі нұсқаларын іздедік және Зоранның қабілетті ойыншы екенін білеміз.

 - Зоранның физикалық жағдайы қалай?

 - Ол соңғы матчты 2020 жылдың қарашасында өткізді, содан кейін ол жаттығу жасағанымен, ойын практикасы болмады. Соңғы екі айда Зоран командасыз жүрді, өйткені ол өнер көрсеткен қытайлық клуб дағдарысқа ұшырады. Бірақ біз оның жеке бапкерімен жаттығу жасағанын білеміз. Біз оны мәжбүрлегіміз келмейді, оның қайта қалыпқа келуі үшін белгілі бір уақыт қажет. Бірақ бұл жоғары деңгейлі ойыншы, бұған күмәнім жоқ.

 - Тошичтің келуі "Тобылдың" алға қойған мақсатына әсер ете ме? Енді клуб чемпиондық атақты көздейді деп айта аламыз ба?

 - Біз әр матч сайын алға жылжуға тырысамыз, бірақ, әрине, маңызды мәселелерді шешкіміз келеді. Алайда сіз біздің бәсекелестеріміздің сапында өте сапалы футболшылар бар екенін түсінуіңіз керек. Атап айтсақ, "Қайрат", "Астана", "Ордабасы" командалары да чемпиондық атаққа таласады. Чемпионат өте қиын, тығыз кесте, не болатынын көре жатармыз.

Бізді Конференция Лигасы күтіп тұр, біз бұл турнирде абыроймен өнер көрсеткіміз келеді. Қазір жұмыс көп, біз үшін тез қалыпқа келу маңызды. Сіз бізде Қазақстан ұлттық құрамасының алты-жеті ойыншысы бар екенін жақсы білесіз, оларға ауыр жүктеме артылады, бұл өз әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ бұл футбол, бұл қалыпты кесте, біз бұған дайын болуымыз керек. Бізге сапалы ойыншылар керек еді, және мен бұл тұста Зоранды таңдауда қателеспедім деп үміттенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×