Григорий Бабаян: «Туған командама оралғаныма қуаныштымын»

15.09.2022, 15:21
Елордалық клуб көш басындағы «Ақтөбеден» бес ұпайға қалып кетті.
Григорий Бабаян: «Туған командама оралғаныма қуаныштымын»

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Тобылмен» өткен ойынды қорытындылады.

– Бірінші кезекте өзімнің туған командама оралғаныма қуаныштымын. Әрине, бұлай бастағым келмеді. Белгілі себептермен бүгінгі ойынға еш өзгерістер енгізе алмадым. Барлығы менің алғашқы жаттығуды кеше ғана өткізгенімді біледі. Негізгі құрам сол қалпында қалды. Қосалқы құрамнан алмасып шыққан футболшылармен де тәуекелге бара алмадық, себебі бәрі керемет жағдайда болмады, сондай-ақ кей футболшылармен мен мүлдем таныс емеспін. 

Ойынға келер болсақ, расында «Тобыл» жинақы ойнады. Алғашқы таймда бізде қорғаныс шебінде, шабуылды бастау сәтінде көптеген қиындықтар болды. Ал екінші таймды жақсы бастадық, дегенмен мүмкіндіктерді пайдалануға тиістіміз. Жақсы-жақсы шабуылдарды ұйымдастыра алдық, сол айтқанымдай, салқынқандылық жетіспеді. Пенальтиді сала алмағанымыз жайлы айтпаймын. Бұндай жағдайлар болып тұрады, бұл лотерея. Мен жігіттерге осындай маңызды ойындарда басқаша ойын өрнегін көрсету керегін айттым. Бұл маңдай терді талап ететін жұмыс. Алда бізді қиын жұмыс күтіп тұр. Енді бізге қателесуге жол жоқ екенін жақсы түсінеміз. Жанкүйерлердің жылы лебізіне алғысым шексіз және «Тобылды» жеңісімен құттықтаймын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×