Гризманн «Барселонада» қала ма?

09.09.2020, 21:51
«Ливерпуль» және «Арсенал» ойыншыға қызығушылық танытуда.
Гризманн «Барселонада» қала ма?

«Барселона» мен Франция құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманн "Барселонадағы" болашағы туралы пікір білдірді.

"Барселонада" менің болашағым бар ма? Неліктен адамдар маған мансабымды жалғастыратын жаңа клубтар ойлап табатынын білмеймін. Бірақ "Барселонада" жақсы жұмыс істеп жатырмын, мен клуб пен бапкердің сеніміне ие екенімді білемін, сондықтан өзімді жақсы сезінемін. Бұл барлық адамдар үшін өте қиын маусым болды, енді біз бәрін басынан бастадық», - деді Гризманн Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында.

8 қыркүйекте Ұлттар Лигасының 2-тур матчы өтті, онда Франция Хорватия құрамасын 4:2 есебімен жеңді. Антуан Гризманн 77 минут алаңда бой көрсетіп, бір гол соқты.

2019/2020 маусымда шабуылшы 48 матч өткізіп, 15 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×