Грозный “Ақтөбеге” келмейді – Маманның өзі қауесетке нүкте қойды

Бүгін, 12:26

Украиналық маман Вячеслав Грозный "Ақтөбе" футбол клубының тізгінін ұстауы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Грозный “Ақтөбеге” келмейді – Маманның өзі қауесетке нүкте қойды

ЖаркOFF телеграм арнасы Вячеслав Викторовичтің өзіне хабарласып, жағдайдың мән-жайын білген екен. Тәжірибелі жаттықтырушы бұл қауесетті жоққа шығарып, қазіргі жоспарларымен бөлісті.

"Мен алты жылдан бері зейнеттемін"

Грозныйдың айтуынша, "Ақтөбе” басшылығы тарапынан ешқандай ресми ұсыныс та, қызығушылық та болмаған.

"Мен Қазақстан футболына үлкен құрметпен қараймын. "Тобылда", "Ертіс” пен "Шахтерде” өткізген күндерімнен тек жақсы естеліктер қалды. Бірақ "Ақтөбеден” ешкім хабарласқан жоқ. Шынымды айтсам, менің зейнетке шыққаныма алты жыл болды. Қазір қарап отырсам, Қазақстан чемпионатында кезінде өзім жаттықтырған шәкірттерім жұмыс істеп жүр.” — деді маман.

Осылайша, Sport.ua басылымы таратқан ақпарат кезекті журналистік өңдеу болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×