Грузия - Люксембург: Кварацхелияда дисквалификация

21.03.2024, 12:39

Бүгін Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Грекия мен Қазақстаннан бөлек, Грузия-Люксембург кездесуі өтеді. Көпшілік бұл жұптың фавориті ретінде Грузияны көреді. Букмекерлік кеңселер гүржілер құрамасының Германияда өтетін Еуропа біріншілгіне шығу мүмкіндігіне 3 коэфициент беріп, Грекиядан кейінгі екінші орынға қойыпты.

Грузия - Люксембург: Кварацхелияда дисквалификация

Іріктеу турнирін А тобында бастаған Кварацхелияның командасы сайысты тек 4-ші орынмен аяқтаған еді. Бұл топтағы тікелей жолдамалар Испания мен Шотландияға бұйырған. Осылайша Грузия Ұлттар лигасы арқылы тағы бір мүмкіндік алып отыр. Ол үшін бүгін Люксембургті өз алаңында ұтуы тиіс. Айтпақшы, алаң иелерінің сапында Хвича Кварацхелия бүгінгі ойынға қатыса алмайды. «Наполидің» жартылай қорғаушысы Испаниямен болған бәсекеде сары қағаз алып, тархи матчтан шеттетіліп отыр. Енді бүгін Грузия құрамасы өзінің басты жұлдызынсыз алаңға шығып, Еуро жолдамасына бір қадам жақындауға тырысып көреді.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×