Грузиялық футболшы ҚПЛ-дің осал тұсын айтты

07.12.2024, 13:31

«Шахтердің» бұрынғы қорғаушысы грузиялық Антон Толордава Грузия мен Қазақстан чемпионаттарын салыстырды.

Грузиялық футболшы ҚПЛ-дің осал тұсын айтты
Антон Толордава «Шахтер» жейдесінде

Қарағандыда доп тепкен ойыншының пікірінше, ҚПЛ-дің барлық клубы легионерлермен жасақталып, соларға сенім артып алған. 

«Шынын айтса, деңгей тұрғысынан екеуінің айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Стиль жағынан десек, Грузияда негізінен техникалық әрі тактикалық футболға басымдық берілсе, Қазақстанда тартыс пен бәсеке алдыңғы қатарға шығады. 

Сондай-ақ, Грузияда бірнеше команда болмаса, жергілікті футболшыларға көңіл көбірек бөлінген, ал мұнда керісінше барлық клуб легионерлермен жасақталған», - деді грузиялық футболшы Sports.kz-ке берген сұқбатында. 

Антон Толордава соңғы екі маусымда «Шахтер» сапында өнер көрсетті. Биыл «кеншілер» жейдесінде 10 ойын өткізген соң отанына оралып «Телавидің» намысын жыртты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×