
Грузия футболының сарапшысы Александр Груднев Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Торпедо» - «Ордабасы» жұбының жеңімпазы туралы пікірін айтты. Қос клб арасындағы бірінші бәсеке сырт алаңда 10-шілдеде, ал қарымта кездесу 17-шілдеде Шымкентте болады.
«Қазір клубтың дамуы үшін қомақты қаражат салып, танымал футболшыларды шақырған шетелдік инвесторлар бар. Мәселен, Мамаду Сако. Иә, ол ашылып ойнай алған жоқ, бұл негізінен пиар-акция болғаны түсінікті. Бірақ, клуб Грузиядағы барлық турнирде топ жаруды мақсат еткенін айтуда. Жергілікті командалардың топтық кезеңге шықпағанына көп уақыт болыпты, сондықтан, Кутаисиде биыл ерекше көңіл-күй байқалады. Грузиялық командалар үшін биыл барлығы мүмкін сияқты бір сезім бар. Жоқ дегенде Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығады деген сезім.
Команданы неміс маманы Дирк Шустер тізгіндеді. Маусым басы сәтсіздеу өтуде. Командаға өзара түсінісіп ойнау үшін уақыт керек. Өйткені, Грузияда чемпионат Қазақстандағыдай көктем-күз жүйесінде өтеді. Командалар өзара кездесуге бірдей жағдайда келуі тиіс. Мұндағы фаворитті кесіп айту қиын», - деді А. Груднев Sports.kz-ке берген сұқбатында.
Шымкенттік команда ҚПЛ-2025-тің 12 турынан кейін 16 ұпаймен жетінші сатыға жайғасқан. Ал «Торпедо» Грузия чемпионатының жоғары дивизионында 18 турда 27 ұпай жинап, 5-орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET