Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Динамо» (Тбилиси) командасының сербиялық шабуылшысы Зоран Марушич қысқы трансфер терезесінде ҚПЛ клубына ауысады.
28 жастағы шабуылшыға Қазақстанның бірнеше клубтары қызығушылық танытып отыр. Футболшының агенттері «Шахтер», «Тұран», «Атырау» және «Ақтөбе» клубтарымен келіссөздер жүргізген екен.
Айта кетейік, өткен қыста «Атырау» Марушичпен келісім-шартқа отыруға жақын болған, бірақ сербиялық шабуылшы соңғы сәтте «Динамоға» ауысу туралы шешім қабылдады.
Грузия чемпионатында Марушич 26 ойында 16 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Осылайша маусымның үздік сұрмергені атанды.
Біздің серіктес: FONBET