Грузия - Қазақстан 2:1. Ұлттар лигасында ұяттымыз

20.11.2018, 06:25
Грузия - Қазақстан 2:1. Ұлттар лигасында ұяттымыз
"Ұлттар лигасы" деп аталатын жарысты Қазақстан құрамасы екінші орынмен аяқтады. Алайда, құрама ойынына ешкімнің де көңілі толмады. Негізгі бәсекелесіміз Грузияға екі ойында да жеңіліп қалдық. "Астана-Аренадағы" жеңілісімізді кездейсоқтық деп қабылдағанымызбен, кейіннен олай еместігіне көзіміз анық жетті. 2015-жылы Қазақстан Президенті кубогы жарысының үздік футболшысы атанған грузиялық Чакветадзе қорғанысымызды, әсіресе Абзал Бейсебековті әбден әуре-сарсаңға салды. Алдымен әріптесіне пас беріп, асистент атанса, кейіннен өзі шірене тартып екінші допты қақпаға тоғытты. Ал 14 ойында ешқандай да гол соқпаған шабуылшы Алексей Щеткин алаңнан кеткен соң Оралхан Өміртаев есеп айырмасын қысқартты. Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынына шыққан жас шабуылшы 3 минуттың ішінде гол соғып үлгерді. Енді 2-желтоқсан күні ЕУРО-2020 додасының іріктеу турнирінің жеребесі тартылады. Соны күтеміз...
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Келесі жаңалық
"Джокер" Оралхан
Aladop Youtube
×