Грузиялық клуб қазақстандық футболшымен келісім-шартты үзді

06.12.2021, 17:41
Футболшы грузиялық клубта 9 матч өткізді.
Грузиялық клуб қазақстандық футболшымен келісім-шартты үзді

«Торпедо Кутаиси» 27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Магомед Парагульговтың командадан кеткенін хабарлады.

Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Парагульгов «Торпедо» сапында осы жылдың тамыз айынан бастап өнер көрсетті. Қазақстандық футболшы грузиялық клубтың жейдесінде 9 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

27 жастағы футболшы бұл маусымда «Ақжайық» командасында бастаған болатын. Ал оған дейін кипрлік «Эрмис», «Қайрат», «Қайсар», «Ертіс» клубтарының намысын қорғаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×