Губерниев: “Мен бала кезімнен “Қайратқа” жанкүйермін, Мадридтік өркөкіректерге емес.”

30.09.2025, 09:00

Танымал Ресейлік журналист және спорт комментаторы Дмитрий Губерниев "Чемпионат" порталына берген сұхбатында "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матч жайлы пікір айтты.

Губерниев: “Мен бала кезімнен “Қайратқа” жанкүйермін, Мадридтік өркөкіректерге емес.”

Губерниев мәлімдемесінде Мадридтік клубты "тәкаппар өркөкіректер" деп атап, Алматылық команданы қарсыласын өз орнына қоюға шақырды:

"Менің ойымша, Мадридтік өркөкіректерді өз орнына қою керек. Мен шын жүректен “Қайратқа”  жанкүйермін. "Реал” өздерін тым жоғары қояды. "Кайрат", осы қорқақтарға өз орнын көрсетіңдер. Өйткені олар – қорқақтар, әлжуаздар мұны әлем жақында тағы да көрді." – деді ол.

Сонымен қатар ол бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті:

"Кайрат” бұл тәкаппарларға қарсы күресе алады. "Реал" негізгі құраммен келді, бұл олардың жеңісті қаншалықты қажет етіп тұрғанын көрсетеді. Мұнда тек ұпай емес, Мадрид есептей білетін сыйақы ақшалары да бар. "Реал" – “Қайрат” үшін мінсіз ынталандырушы. "Атлетикодан" жеңілген соң олардың Алматыдағы матчқа дайындығы тіпті шектен тыс. “Қайрат” – бұл тек Қазақстандық емес, кезінде бүкіл кеңестік футболдың да бренді. Сондықтан алға, "Кайрат"! Мен бала кезімнен “Қайратқа” жанкүйермін, Мадридтік өркөкіректерге емес.” – деп түйіндеді Губерниев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×