Гүлжігіт Алықұлов клубсыз қалмақ

Қырғызстандық жартылай қорғаушы "Торпедо" клубының алдағы жоспарына кірмей отыр.

Гүлжігіт Алықұлов клубсыз қалмақ

"Ақтөбеде" бапкер болған Дмитрий Парфенов қырғыз ойыншысын команданың соңғы кездесулерін мүлдем қоспай келеді. 24 жастағы Әліқұловтың биыл келісім шарты аяқталмаса да, “Торпедо” аяқдопшыға өтемақысын төлеп шығарып салмақшы. 

Осы маусымда Гүлжігіт ФНЛ-де 7 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Естеріңізде болса, 2020 мен 2023 жылдар аралығында Қырғызстан құрамасының футболшысы “Қайрат” клубында өнер көрсеткен болатын. Алматы ұжымымен бірге ол Қазақстан чемпионаты мен Кубогын жеңіп алған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×