Гүлжігіт Алыкулов: «Мен Еуропа лигасында ойнайтын алғашқы қырғызстандық шығармын»

19.08.2020, 19:40
«Қайрат» пен Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алыкулов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Премьер-лиганың төртінші турындағы «Каспийге» қарсы өткен матчқа (3:0) түсініктеме берді және Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчтан не күтетінін айтты.
Гүлжігіт Алыкулов: «Мен Еуропа лигасында ойнайтын алғашқы қырғызстандық шығармын»

- Гүлжігіт, жеңісіңізбен құттықтаймын: матч сізге ұнады ма?

- Рахмет! Барлығын жеңіспен құттықтаймын! Бәрі футболды сағынған болатын, соның ішінде бізде бармыз. Бірінші минуттардан бастап қиын болды, содан кейін біз өз футболымызды ойнай бастадық. Ең бастысы, біз үш ұпай алдық.

- Премьер-лига қайта басталды. 5 айлық демалыстан кейін маусымға қайта оралу қиын ба?

- Біз бұған өте ұзақ дайындалдық. Әрине, жолдастық матчтар болды, бірақ біз ресми ойындар өткізе алмадық. Чемпионат қайта басталғанына біз өте қуаныштымыз.

- Сіз пенальти алып, матч барысында керемет ойнадыңыз. Мұның бәрі қалай болды?

- Біз команда болып барымызды салдық Мен шабуыл ұйымдастыратын ойыншымын. Шабуылдардың бірінде пенальти алып бердім. Өзім гол соға алатын сәттер болды, бірақ, өкінішке орай, қолымнан келмеді. Осындай сәттерде гол соғу үшін дайындалатын боламын.

- Алдағы уақытта көптеген матчтар бар. Команда үшін бұл қиын болмай ма? Өйткені ойындар бірінен соң бірі өтеді.

- Біз бұған дайындалдық. Жаттығу қиын болды. Бізге туындаған жағдайға байланысты осындай ритмде ойнауға тура келетінін өзіміз де түсіндік. Алда өте маңызды матчтар бар. Біздің мақсатымыз - әр матчта жеңіске жету.

- Сіздің Еуропа Лигасындағы дебютіңіз 27 тамызда болуы мүмкін. Осы ойындарды тағатсыздана күтесіз бе?

- Мен Еуропа лигасында ойнайтын алғашқы қырғызстандық шығармын. Әрине, эмоциялар басым. Біз және жанкүйерлер оң нәтижеге сенеміз. Мен бұл ойындарды күтемін. Соңына дейін күресетін боламыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×