Азия футбол конфедерациясының ресми сайты "Қайраттың" қырғызстандық жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұловты өткен аптаның үздік футболшысы деп таныды.
"Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы 44,3 пайыз дауыс жинап, 10 үміткердің ішінде топ жарды. Дауыс беру кеше, 14 наурызда аяқталды. Рейтингтегі екінші орынды 22,42 пайыз дауысқа ие болған "Зениттің" шабуылшысы Сердар Азмун иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, Алықұлов Премьер-лиганың бірінші турында "Жетісумен" болған ойында (2:0) гол соғып, бір нәтижелі пас берген еді.
Біздің серіктес: FONBET