Гурбан Гурбанов: «Қайрат» - командалық ойын көрсетеді және қарсы шабуылдарда өте қауіпті»

04.11.2021, 14:27
«Карабах» бапкері бүгінгі ойынға ауа-райының кедергі болмайтынын жеткізді.
Гурбан Гурбанов: «Қайрат» - командалық ойын көрсетеді және қарсы шабуылдарда өте қауіпті»

Әзербайжандық «Карабах» клубының бас бапкері Гурбан Гурбанов баспасөз мәслихатында «Қайратпен» болатын ойын жайлы пікір білдірді:

- «Карабахтың» жеңіліссіз сериясының құпиясы неде?

- Жаттықтырушы ретінде бұл маған ұнайды. Екінші жағынан, бұл алаңдаушылық тудырады. Біз серияны ұзартқымыз келеді. Бірақ кез келген серия ерте ме, кеш пе үзіледі. Бұл туралы ойланғымыз келмейді. Әр ойынға жақсылап дайындаламыз. Ертең жеңіліссіз серияны ойлап, бас ауыртпаймыз. Мұның ешқандай да құпиясы жоқ. Егер жеңілмесек, онда жақсы дайындалдық деген сөз.

- Ертең Алматыда аяз болады деп күтілуде. Осындай жағдайда ойнауға дайынсыздар ма?

- Табиғатта жаман ауа-райы болмайды. Қиындықтарға дайын болу керек. Керісінше, бұл бізді қанаттандырады. Ойынның біз үшін сырт алаңда өтетініне қарамастан, екі командаға да қиын болады.

- Ертең сіз үшін тарихи матч болуы мүмкін...

– Егер осы туралы ойлансақ, бұл бізге кедергі болуы мүмкін. Алда тағы үш кездесу бар. Біз жеңіп, кез келген командаға лайықты қарсылық көрсеткіміз келеді. Осыны жүзеге асырсақ, ойынымыз жақсарады, нәтиже де болады.

- «Қайраттың» мықты жақтарын атап өтсеңіз.

- Алдымен, команданың мықты әрі тәжірибелі бапкерін айтар едім. Олар командалық ойын көрсетеді және қарсы шабуылдарда өте қауіпті. Бір-бірімен өзара түсіністіктері жоғары деңгейде. Команда доппен және допсыз да жақсы ойнай алады. Алғашқы минуттардан бастап мұқият болу керек. Оларға құрметпен қараймын.

- Ертең сіз үшін тарихи матч болуы мүмкін...

- Егер осы туралы ойлансақ, бұл бізге кедергі болуы мүмкін. Алда тағы үш кездесу бар. Біз жеңіп, кез келген командаға лайықты қарсылық көрсеткіміз келеді. Осыны жүзеге асырсақ, ойынымызды жақсарады, нәтиже де болады.

- «Карабах» ешқашан плей-офф кезеңіне шыққан емес. Бұл командаға қысым жасай ма?

– Топтан шығу үшін берілген сегізінші мүмкіндігімізге келетін болсақ, біз клуб ретінде осы жылдар ішінде үлкен тәжірибе жинақтадық. Бір емес бірнеше рет плей-офф кезеңіне шығуға жақсы мүмкіндіктер болды. Әр кезде бірдеңе жетіспей тұрды. Бізді мұны мәселе деп санамаймыз. Спортта бәрі болады.

- «Сабаилмен» кездесу командада қорғаныстан шабуылға шығу сәтінде қиындықтардың бар екенін көрсетті. Бұған қалай қарайсыз және ол ертеңгі ойынға әсер ете ме?

– Мен біздің мәселелеріміз туралы айтпай-ақ қояйын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×