Гути: «Мессидің дәуірінде Роналдудың 5 рет «Алтын доп» алуы таңғаларлық нәтиже»

29.01.2020, 04:04
Гути: «Мессидің дәуірінде Роналдудың 5 рет «Алтын доп» алуы таңғаларлық нәтиже»

Гути лақап атымен танылған «Реал Мадридтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Лионель Месси мен Криштинау Роналдуды салыстыра келе, кімді мықты санайтынын айтты. Сонымен қоса, Goal.com-ға берген сұхбатында Хосе Мария Гутьеррес Эрнандес екі шабуылшының басым тұстары да өз ойын білдіріпті.
Иә, мен твиттерде Мессиді үздік деп санаймын деп жазғаным рас. Ол әр матч сайын жоғары нәтиже көрсетіп жүрген футболшы. Ал қалғардарына тұрақтылық жетіспейді. Дегенмен Роналдуды футболшы ретінде қатты құрметтеймін. Сөз жоқ, Месси дарынды ойыншы, Роналду болса өте еңбекқор, әрі үнемі алдына жоғары мақсат қояды. Алайда, шабуылшы ретінде Месси Роналдудан мықтырақ. Мессидің дәуірінде Роналдудың 5 рет «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алуы таңғаларлық нәрсе.
Дәл қазір «Реал» сапында Криштианудың жоқтығы қатты білініп тұр. Ол маңызды ойындарда мінез көрсетіп, шешуші сәттерде гол салып кететін»
,-дейді Хосе Мария Гутьеррес.

Айта кетейік, Гути қазір Испаниядағы «Альмерия» командасының бас бапкері.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×