Гвардиола АПЛ рекордын орнатты

16.07.2020, 14:48
Англияға келгелі бері біраз рекордты жаңартып тастады
Гвардиола АПЛ рекордын орнатты

«Манчестер Сити» 36-турда «Борнмутты» қабылдады. Манчестердегі "Этихад" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. "Сити" сапынан Давид Сильва мен Габриэль Жезус мергендігімен көзге түсті.

Осы жеңістен кейін «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола Премьер-Лиганың алғашқы 150 ойынында ең көп жеңіске жету рекордын орнатты, деп хабарлайды OptaJoe Twitter-дегі парақшасында. Гвардиола қоржынында 111 жеңіс. Бұл көрсеткіш бойынша ол Жозе Моуриньоны (105), Юрген Клоппты (92), Алекс Фергюсонды (90) және Кенни Далглишті (85) басып озды.

«Манчестер Сити» премьер-лигадағы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. "Қалалықтар" 75 ұпай жинап, екінші орында тұр. Гвардиола шәкірттері келесі турда "Уотфордпен", "Борнмут" және "Саутгемптонмен" кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×