Гвардиола АПЛ рекордын орнатты

28.02.2021, 18:29
Ол Жозе Моуриньюдің жетістігінен асып түсті.
Гвардиола АПЛ рекордын орнатты

Кеше "Этихад" стадионында Англия Премьер-лигасының 26-туры аясында "Манчестер Сити" "Вест Хэм Юнайтедті" қабылдады. Хосеп Гвардиола шәкірттері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Twitter-де OptaJoe хабарлағандай, Гвардиола "Манчестер Ситидің" бапкері ретінде 200-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол үшін оған 273 матч қажет болды. Испаниялық маман Премьер-лига жаттықтырушылары арасында осы көрсеткіш бойынша рекорд орнатты. Ол 200 жеңіске жету үшін 309 кездесу өткізген Жозе Моуриньюдің жетістігінен асып түсті.

"Манчестер Сити" 26 ойында 62 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде сенімді түрде көш бастады. "Вест Хэм Юнайтед" (45 ұпай) - 4 орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×