Гвардиола: “Чемпиондық үшін “Сити” әлдеқайда мықты болуы керек”

Бүгін, 10:20

"Вест Хэмге" қарсы 3:0 есебімен жеңіске жеткеннен кейін "Манчестер Сити" бас бапкері Пеп Гвардиола кездесудің егжей-тегжейлері мен команданың болашақ мақсаттары туралы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Гвардиола: “Чемпиондық үшін “Сити” әлдеқайда мықты болуы керек”

Бұл жетістік “Қалалықтардың” Премьер лига  кестесіндегі екінші орнын нығайта түсті.

Кездесуде Эрлинг Холанд дубль авторы атанды, ал Тиджани Рейндэрс "Этихад" стадионында алғашқы голын соқты. 

Гвардиоланың айтуынша, нәтиже қуантқанымен, қазіргі деңгей чемпиондықты қамтамасыз етпейді:

"Жеңіске қуаныштымыз, бірақ қарқынымызды одан әрі жақсарта алмасақ, наурыз, сәуір және мамыр айларында чемпиондыққа күресе алмаймыз. Бұл деңгей әлі де жеткіліксіз."— деді Испаниялық маман.

Сонымен қатар, ол команданың жалпы бағытына қанағаттанатынын жасырмады:

"Біз Чемпиондар лигасында жоғары орындар үшін күресудеміз, Лига кубогінде жартылай финалдамыз, ал Премьер лигада чемпиондық бәсекеде келеміз. Біз дамуды жалғастыруымыз қажет."

Бапкер құрамдағы мәселелерге де тоқталып өтті:

"Родри, Мармуш, Жереми, Ковачич және Раян Аит-Нури алаңда жоқ. Бүгін қосалқы құрамда академиядан келген бес ойыншы болды. Бұл да жағдайдың қаншалықты күрделі екенін дәлелдейді."

Сөз соңында Пеп:

"Командада құлшыныс бар, аштық бар, жеңіске деген ұмтылыс бар. Егер жігіттер менің айтқандарымды дұрыс қабылдаса, мақсатымызға жетеміз. Келесі қадам үшін одан әрі күшті болуымыз қажет."

Бұл жеңістен кейін "Манчестер Сити” ұпай санын 37-ге жеткізіп, АПЛ көшбасшысы "Арсеналдан” 2 ұпайға артта қалып тұр. "Арсенал” сырт алаңда "Эвертонды” 0:1 есебімен жеңіп, ұпай санын 39-ға жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×