Гвардиола Эдерсонды құрбан етті. “Ситидің” қақпасын Доннарумма қорғай ма?

16.08.2025, 21:00

"Манчестер Сити" бас бапкері Пеп Гвардиола қақпашы позициясында үлкен өзгеріс жасағысы келетінін мәлімдеді.

Гвардиола Эдерсонды құрбан етті. “Ситидің” қақпасын Доннарумма қорғай ма?

Фабрицио Романоның хабарлауынша, "Галатасарай" Эдерсонды алу үшін алғашқы ресми 10 миллион еуролық ұсынысын жасады.

Ал Эдерсонның орнына Манчестерге "ПСЖ” қақпашысы Жанлуиджи Доннарумма келуі мүмкін. Италиялық қақпашы Париж клубынан кететінін ресми түрде жариялаған еді.

Гвардиоланың ойынша, Доннарумма жай ғана трансфер емес, ол "Ситидің” Еуропадағы үстемдігін ұзақ мерзімге сақтау үшінгі стратегиялық жобалардың бірі.

Футболшы мен клуб арасында жеке келісімдер жасалып қойған, енді тек екі клуб арасындағы соңғы келісім мен Эдерсонның командадан кетуі ғана қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×