"Манчестер Сити" клубының жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола Англия чемпиондығы үшінгі күрес туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Қазір қараша айы ғана, қарашада бұл лигада ештеңе шешілмейді. Ақпан немесе наурыз айларында не болатынын ешкім білмейді. Өте сақ болу керек. Енді маусымның нағыз басталған уақыты. Қарашадағы халықаралық үзіліс аяқталды – енді әр үш-төрт күн сайын ойындар өткізіледі. Ең бастысы – маусым соңындағы чемпиондық үшін күресу мүмкіндігін сақтау.” – деді Гвардиола баспасөз мәслихатында.
"Манчестер Сити" АПЛ кестесінде екінші орында тұр. Көшбасшы "Арсенал" олардан төрт ұпайға артық.
Сенбі күні "Манчестер Сити" сырт алаңда "Ньюкаслға" қарсы ойын өткізеді.