Гвардиола Хусановқа сенім білдіруінің себебін түсіндірді

29.03.2025, 13:40

“Манчестер Сити” клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов жайлы пікірін білдірді.

Гвардиола Хусановқа сенім білдіруінің себебін түсіндірді

Гвардиола жас ойыншыны жоғары бағалап, оның ерекше қабілеттері бар екенін атап өтті:

“Бастапқыда оның осыншама матчта ойнайды деп ешкім күтпеді. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты ол алаңға шығып, өзін көрсете алуда. Оның жылдамдығы керемет, әрі ол ойында ерекше құлшыныспен ойнайды . Біз оның қысқа мерзім ішінде жақсы нәтиже көрсеткеніне қуанамыз.
Біздің міндетіміз – оның дамуына, үйренуіне және командамен жақсы қарым-қатынас орнатуына көмектесу. Бұл өте маңызды.” – деді Гвардиола BBC-ге берген сұхбатында.

Абдукодир Хусанов 2024 жылдың қаңтарында Англия чемпиондары сапына қосылған. Ол Францияның “Ланс” клубынан “Манчестер Ситиге” ауысып 2029 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырды. Трансфер құны 40 миллион еуро құраған еді.

Өзбекстандық “Бунедкор” клубының түлегі, 2022-2023 жылдары Беларусьтің “Энергетик-БГУ” командасында ойнаған Өзбекстандық жас талант қазіргі таңда әлемнің үздік қорғаушыларының қатарында.

                                                     Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

АПЛ
Aladop Youtube
×