
Ағылшын басылымдарының хабарлауынша, “Манчестер Сити” қатты үміт артқан Өзбекстандық қорғаушы Абдуходир Хусановтың ойынына көңілі толмай, жазда оны сатпақ. Клуб басшылығы футболшыны Испанияның “Барселона” клубына 40 миллион еуроға ұсынған.
Сәтсіз маусымды бастан өткеріп жатқан “Сити” қаңтарда жағдайды түзеу үшін бірнеше ойыншыны қатарларына қосқан еді. Омар Мармуш, Нико Гонсалес, Витор Рейс, Жума Бах және Абдуходир Хусанов. Хусанов бұл тізімде ерекше назарға іліккен болатын.
Дегенмен, Ағылшын және Испан басылымдарының соңғы мәліметі бойынша, Гвардиола Хусановты негізгі құрамнан шеттетіп, оны трансферлік тізімге қойған. “Сити” жазда бұл ойыншымен қоштасуды жоспарлап отыр.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET